jasqazaq.kz

Нұрсұлтан Ырысхан, «Жігерген Жақұттары» еріктілер ұйымының жетекшісі: Еріктілік – ізгі амал

26 мамыр 2023, 19:01


Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы «Жігерген Жақұттары» ұйымы 2018 жылы құрылғаннан бастап түрлі жұмыстарға белсенді араласып келеді. Біздің ұйымның құрылуына Қайрат Ақтөре мен Нұрсұлтан Тәукехан ұйтқы болып еді.

 

Ұйымның мақсаты — ауыл жастарының белсенділігін арттыру, оқушылар арасында пікірсайыс жүргізу, Жігерген ауылындағы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне септесу. Оңтүстік аймақта қарқын алып, танылмаған дебат атты оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді.

Ал ұйымның атауына келсек, неге «Жігерген Жақұттары» дейсіз ғой? Ол ауылымыздың атауымен байланысты қойылған болатын. Жігерген — ауылымыздың атауы, Жақұт — бағалы тастың атауы. Демек «Жігерген жақұттары» — ауылымыздың көркі, бет-бейнесі деген мағынаны білдіреді.

Жігерген жастары өте белсенді. Біз туған ауылымызды дамытудың бірден-бір жолы ерікті болу деп есептейміз! Осы үшін де ауыл жастарының ерікті болуға деген құлшыныс-талпынысы керемет. Ұйымда дәл қазір 35 ерікті бар. Олар бос уақыттарында сенбіліктерге шығып, қоршаған ортаны тазартуға атсасысады. Ауыл жастарының демалысты тиімді өткізуі үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Солардің ішінде ең маңыздысы – пікірсайыс өткізу. Біздіңше, пікірсайыстың пайдасы мол. Өйткені көпшілік алдында сөз сөйлеп, пікірін ортаға салу арқылы қазіргі жастардың не ойлайтынын, мақсат-мүддесін білуге болады.


Ұйымның мектеп бітірген түлектері де қолдау көрсетіп, игі істерге өз үлесін қосудан аянбайды.
Мектеп оқушылары да бүгінгі күні түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жүр. Атап айтқанда, бұл — жаз мезгілінде Қазығұрт ауданының жастарымен Көктен Ата тауы бөктерінде демалыс ұйымдастыру, оқушылар арасында «night karaoke» атты ашық аспан астында ән шырқау, басқа ауылдардың оқушыларымен бірлесіп дебат-тренингтер өткізу, ауыл іші мен маңайын қоқыстан тазарту үшін ауқымды сенбілік жасау, жалғыз басты қарттарымызға көмек беру және тағы басқа игі істер. Мәселен, ұйым еріктілері коронавирус пандемиясы кезінде ауыл тұрғындарына маска, антисептик таратып, өз көмектерін осылай білдірген болатын. Сондай-ақ су тасқыны кезінде жәрдем күткен ауыл тұрғындарына, сонымен қатар аудандағы түрлі әлеуметтік орындарға көмек көрсеткен болатын.

«Жігерген Жақұттарының» жетістіктері көп. Түрлі жарыстарға, дебат турнирлерге белсене атсалысады. Түрлі республикалық, облыстық, аудандық жарыстарға үзбей қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Еріктілікті дамытудың нақты қадамдары, ең алдымен өз ауыл, аудан, қалаңа деген сүйіспеншіліктен басталады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, ең бастысы бірлік болу керек.
Еріктілік — адамның ішкі жан дүниесіндегі мейірім мен жанашырлықты көрсететін ізгі амал. Бұл ізгі амалды кез-келген адам жасай алатын болғандықтан, ең алдымен қоғамға оның қаншалықты жақсы қадам екенің ұғындырып, еріктіліктің ең алдымен өзің үшін пайдасы мол екенін барынша насихаттау керек.

Мақпал Ноғайбаева

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті