jasqazaq.kz

«Нұрлы көш» бағдарламасы: Шымкентте 927 тұрғын үй банк арқылы рәсімделді

23 сәуiр 2023, 19:44

2010-2011 жылдары «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы арқылы Шымкент қаласының «Асар» шағынауданында 975 тұрғын үй салынған болатын. Бұл тұрғын үйлер 2010-2012 жылдар аралығында бағдарлама шеңберінде Асар шағын ауданында Өзбекстан елінен келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Бағдарламаның мақсаты – отандастарымызды атамекенге қайтару, сондықтан елге оралған қандастарымызға сатып алу құқығымен тұрғын үйлер бастапқыда 8 жылға жалға берілді.

Қазіргі таңда бағдарлама арқасында жақын шет елдерден Шымкент қаласына қоныс аударған 975 отбасының 927-і жалға алған үйлерін «Отбасы банк» арқылы ипотекалық несие негізінде рәсімдеуде. «Отбасы банк» талаптарына сәйкес несие уақытын өткерген соң қандастар тұрғын үйді жекеменшік иелікке рәсімдей алады.

Айта кетейік, қалған 48 отбасы тұрғын үйлерді «Отбасы банкпен» рәсімдеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу мақсатында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы арқылы хат жолданған. Министрліктің жауабына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

«Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты — шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру.

«Нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел тұрғындарын халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға алды. Отанына оралған қандастарды да солтүстік аймаққа орналастыру шарасы жүргізілді. Бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі кадр мәселесін шешуде «Серпін» атты бағдарлама да сәтті жүзеге асырылып,үлкен маңызға ие болды. 2014 жылдан бастап «Серпін» жалпы «Серпін» бағдарламасы-ұлттық жобасы жүргізіліп келеді.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата