jasqazaq.kz

Нұрлан Өнербаев: Мен осы сахнада кімнің орнын тартып алдым

13 қыркүйек 2023, 13:28


Әнші Нұрлан Өнербаев отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде өзінің шығармашылығына және өнер әлеміне қатысты ойларымен бөлісті.
«Биыл шығармашылыққа қадам басқаныма 45 жыл болды. Міне, содан бері театрмен де, жеке әнші ретінде елді бірнеше рет айналып шықтым десем, өтірік емес. Мен болмаған ауыл, елді мекендер жоқтың қасы шығар. Өзім өткен, өнер көрсеткен елді мекендерді тағы бір араласам деген ой болған. Қазір бәріміз әлеуметтік желіге көңіл бөлеміз. Көп ретте жұрт жақсы сөзін, жақсы көңілін білдіріп, жылы лебіздерін жазып жатады. Соның ішінде: «Қашанғы жүре бересіз? Қоймайсыз ба? Берсеңізші, жастарға орныңызды», — дегендер де кездеседі.
Ондай да пікірлер бар. Одан да нәтиже шығару керек. Кейде ойлайсың… «Мен осы сахнада кімнің орнын тартып алдым», — деп. Сахнада менің өз орным бар. Мен ешкімнің орнын тартып алғам жоқ. Менің орныма біреу таласатын болса, менің деңгейімнен асып түсуге тырыссын. Қазір менің кезінде орындаған әндерімді жас әншілер орындап жүр. Олардың бәріне айтамын: «Мен ешқашан қарсы емеспін. Мен орындаған әнді айтыңдар. Бірақ менен асырып айтыңдар. Көрермен сонда сендердің орындауларыңды қабылдайды деймін», — деп айтты.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі