jasqazaq.kz

Нұрлан имам: Жастарымыз мәһірге алданып жүр

04 қазан 2024, 12:14


Нұрлан имам мәһрді қазақ қоғамына шетелден араб дүниесін оқып келген азаматтардың әкелгенін айтты.

Желіде Нұрлан имам деп танылған «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, теолог Нұрлан Байжігітұлы көпшілік арасында жиі талқыға түсетін мәһр қазақтың салт-дәстүріне жат нәрсе екенін түсіндірді.

Бұл туралы ол Айгерім Сейфолланың «Сырласу» бағдарламасында әңгімеледі, деп жазды Kun.kz.
«Мәһр – шариғатта, дінімізде бар дүние, қыздың ақысы. Бірақ біздің дана, дара халқымыз оны қызға қалыңмалмен, ата күші, ана сүтімен берген. Қыз жақ оны баланың киіміне, дүние-жиһазына жұмсаған. Сол мәһр болады. Құдай сақтасын, егер ажырасып жатқан жағдайда қыз артынан келген бүкіл дүниені ешқашан тастап кетпей, өзімен бірге алып кетеді. Демек, ол – мәһр», – дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Нұрлан имам мәһрді қазақ қоғамына шетелден араб дүниесін оқып келген азаматтардың әкелгенін айтты.

«Қазақтың өзінің ілімін оқымады, ақсақалдардың мектебінен, аналардың батасынан, қолынан өтпеді. Сол себепті «Мәһр беру керек, оның құны осынша» деп жиі айтып кетті. Бұған алданып жүрген жастарымыз бар. Біліңіздер, біздің салт-дәстүріміз түгелдей шариғаттың талаптарын жапқан», – дейді Нұрлан Байжігітұлы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі