jasqazaq.kz

Нұрлан имам: Мешіттегі неке куәлігі құжат емес, естелік қана

17 қазан 2023, 10:29


Әлеуметтік желідегі белсенділігімен танымал Астана қаласындағы Ырыскелді мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов некені мешітте қиғызуға қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.
Имамның айтуынша, неке Қазақстан заңнамасына сай тіркелу үшін АХАТ бөліміне барып тіркелу қажет. Ал мешітте неке қиғызу бұл рәсімнің баламасы бола алмайды.
«Елімізде мешіттерде жүргізілетін діни неке қию рәсімі діни жоралғылардың санатына жатады. Қиылған некені куәландыратын неке куәлігі некелесушілерге тек естелік ретінде ғана беріледі. Ол куәлік Қазақстан Республикасы, АХАТ бөлімімен берілетін неке құжатына тең келетін дәрежедегі заңды күшке ие емес. Осыған орай, еліміздегі барлық мешіттердегі неке қию рәсімі тек қана АХАТ бөлімінің тіркеуінен кейін жүргізіледі. Себебі, некелесудің арғы жағында үлкен жауапкершілік, зор талап, өмірлік ұрпақ тұрады», – дейді Нұрлан Асанов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі