jasqazaq.kz

Нұрлан имам: Қазақша есімді арабшаға ауыстыру дұрыс емес

09 қараша 2023, 11:32

Нұрлан имам әлеуметтік желіде оқырман сұрағына қатысты жауап берді.
«Бүгінде азан шақырылған есімді ауыстыру сәнге айналды. Жалпы есім өзгертуді адам өміріндегі құбылысты бұрылыс деп санауға болады, яғни тағдырды басқа арнаға бұру. Уақытында дұрыс есім берілмесе немесе ұялу ыңғайсыздығы туындаса, есімін өзгерту ықтияры, әрине, дұрыс. Оның өзі қандай жағдайда, мәселен, мұсылман балаға өз дәуірінде қандай да бір халыққа зұлымдығы өткен дінсіздің есімі білместікпен берілсе ғана есімді өзгерту міндет болып табылады.
Ал қазіргі қазақи есімдерді өзгерту, оны арабшаға ауыстыру не болмаса арабша тіркемелерді есімнің алды-артына тіркеу, болмаса шетел тіліне ыңғайлау құр ғана әурешілік. Мұсылмандық есімде емес, жүректе, иманда, мінезде! Қазақтың көзден, сөзден, тілден қорғаныш есебінде аталған Қиқым, Итаяқ, Жаманбала, Сасықбай т.б. бұл дүниеде есімдерінен, мұсылмандықтан жиренбей, иманмен өткен. Ендеше, өзімізді өзегімізден теппейікші ағайын! – дейді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі