jasqazaq.kz

Нұрлан имам: Ауызашар шоу, гала концертке ұласып кетпесін

20 наурыз 2024, 15:53

Астанадағы «Ырыскелді қажы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Egemen Qazaqstan басылымына берген сұхбатында ауызашарды аста-төк жасайтындар туралы пікір білдірді.

«Соңғы уақытта Ауызашар бір-біріне еліктеушілік немесе қинау, зорлыққа ұласып кетіп жатыр. Мынау аста-төк дастарқан жайды деп қарызға батып ауызашар берудің қажеті жоқ. Оразаның басты мақсаты ағайындарды біріктіру, ұзағандарды жақындастыру, ренжіскендерді райынан қайтару, алдынан өту сынды ғибратты іс-әрекеттерді қамтыған дұрыс. Біздің ауызашарларымыз кейінгі жылдары шоу, гала-концертке дейін айналып бара жатқан жағдайларды байқап жүрміз. Бұл кезде жылына бір келетін Рамазан айын пайдалы өткізуге көңіл бөлу керек», – деді Нұрлан Байжігітұлы.

«Бұл дұрыс әрекет емес. Адам Құдайға дастарқанымен жақындамайды. Пейілімен жақындайды. Сондықтан кім қандай ниетпен ауызашар берсе, сауапта соған қарай беріледі. Асылында бұл аса мән беретін мәселе. Ауызашарда бірінші су, сұйық тағамдар көбірек берілу керек. Бізде бірден алдыңа ет қояды. Мұндайда күні бойы аузы берік адамның шөлі басылмай қалады. Мүфтият, басқа да діни орындар бекіткен дастарқан мәзірі жоқ. Халқымыз құрмет білдіру үшін мол дастарқан жаяды. Алайда бақталастыққа өтіп кетпеуді қадағалау шарт», – деді имам.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі