jasqazaq.kz

Нұрлан Еспановтың ұлы қыздарға хат жазам деп жұмыстан қуылды

21 ақпан 2024, 13:06

Желіде әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов қыздарға интим хат жазғаны туралы ақпарат тарады. Ол бұрын қызмет еткен оқу орны бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, Олжас Еспанов бұған дейін Сүлеймен Демирел университетінде қызмет еткен еді. SDU қызметкерлері Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратты растады.

«Әлеуметтік желілерде SDU қызметкеріне қатысты жағымсыз оқиға болды. Бұл келеңсіз жағдай университеттің ішкі ережелеріне сай келмейтіні бәрімізге мәлім. Сондықтан да қызметкермен еңбек келісімшарты тоқтатылды. Олжас Еспанов SDU университетінде 1 жылға жуық қызмет атқарды. Маман педагогикалық бағытта оқытушылық қызмет атқармады. Тек әкімшілік бөліміндегі SDU press баспаханасында жұмыс істеді. SDU University сапалы білім мен қатар, тәрбие, рухани-адамгершілік құндылықтарына ерекше мән береді. Мұндай келеңсіз жағдай SDU қызметкері тарапынан болғанына өкініш білдіреміз», — делінген жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов өзі туралы желіде шу болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

«Бәріңіз мен туралы өсек соғып, бір-бірлеріңізге жіберіп болдыңыздар ма? Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін білдік. Ер адам болған соң басыңа не келіп, не кетпейді?! Сынақ қой бәрі де. Қыздарға жазбай жүр екенмін ғой. Сіздерге біреудің шалынып құлағаны жетпей жүр екен ғой. Хейтерлерге жалынды сәлем. Алланың көзі тура болсын. Бұл өмірде қателік жасамайтын адам жоқ. Бәрі де қателеседі, себебі біз пендеміз», — деді ол.

Бүгін, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды