jasqazaq.kz

Нүркен Бердібек: Орталықтың басты мақсаты — белсенді жастардың қатарын көбейту

13 маусым 2023, 12:44

Елімізде белсенді жастардың қатары көбейіп, ел болашағының дамуы жолында ерекше үлес қосуға талпынатындығымен көзге түсетіндері бар. Әсіресе, Түркістан облысының жастары – жастар саясатын насихаттауда алдыңғы қатардан көрінуде. Бүгінде облыстың әр ауданында жастар ресурстық орталықтары құрылып, жұмысын жемісті жүргізіп отыр. Аймақтағы жастардың әлеуеті қандай? Жастардың білім алып, мемлекетті дамыту жолында қандай бағдарламалар қажет? Жастардың әлеуметтік мәселелері қалай шешілуде? Осы сынды маңызды сауалдарға Түркістан облысы, Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Нүркен Бердібек жауап берді.

— Нүркен Рәтбекұлы, бүгінде белсенді жастардың саны артып келе жатқаны қуантады. Түлкібас ауданында жастар саясаты қалай жүзеге асып жатыр? Әңгімені аудан жастарының әлеуетінен бастасаңыз.

— Әрине, қандай мемлекет болсын, жалынды жастарсыз елестету мүмкін емес. Бүгінде Түлкібас ауданы бойынша халық саны 106 340 болса, оның ішінде 14-35 жасқа дейінгі жастар саны 34520 адамды құрап отыр. Олардың 9177-сі — мектеп қабырғасында, 1752-сі орта және жоғары оқу орнында білім алып жүр. Әскер қатарында — 239, медицинада — 206, әскер және құқық қорғау органында -262, 336 — мемлекеттік қызметте, 5634 — білім саласында болса, 15610 жас өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда ауданымыздағы Жастар ресурстық орталығында 17 қызметкер жұмыс істейді.

Мекеме жыл басында Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бекітіп берген жоспар аясында ең негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Қазіргі таңда жастардың қатысуымен 240 іс-шара өткіздік.

Жастар ресурстық орталығы аудандағы барлық дербес бөлімдермен және ОАОО-мен ынтымақтастық меморандумға отырып, бірлескен іс-шаралар жоспары құрылған.
Жастардың аудандағы жастар саясатын дамытуға белсенділігі өте жоғары. Неге десеңіз, мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламаларға, жаңа мүмкіндіктерді жібермей белсенді түрде қатысуда. Одан бөлек, мәдени іс-шаралар болсын, бұқаралық спорт, дарынды жастарды қолдау бағыттары бойынша да осал емес. 2023 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша біз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп 12 спорттық іс-шара (футбол, баскетбол, волейбол, шашка, тоғызқұмалақ, шахмат, атлетикалық ойындар, күрес) ұйымдастырып, өткіздік. Жалпы өткізілген іс-шараларға аудан көлемінде 400-ден аса жастар мен жасөспірімдерді тарттық.
Ресурстық орталық өткізетін іс-шаралардың барлығының жастар үшін маңызы өте зор. Аудан жастарының тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосу мақсатында әр сала бойынша жетістікке жаткен білікті мамандармен кездесу ұйымдастырылады. Ол тұлғалар жастарға дұрыс жол нұсқап, өмірлік тәжірибесімен бөліседі.

— Аудан жастарын еліміздегі жүргізіліп отырған жастар саясатынан хабардар ету мақсатында қандай шаралар ұйымдастырылды?

— Біздің Жастар ресурстық орталығының тарапынан 2016 жылдан бастап арнайы әлеуметтік желілерден парақшалар ашып, қазіргі кезге дейін тұрақты түрде жастарды ақпараттандырып отырамыз. Мемлекет тарапынан үйлестіріп жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламалар болсын, өткізілетін іс-шаралар, алға қойған жоспарлар болсын, барлық ақпарат осы әлеуметтік желілер арқылы хабардар етеміз. Ал өзіміздегі жастар ұйымдарына желідегі арнайы чаттар арқылы байланысқа шығамыз. Сонымен қатар дербес бөлімдермен бірлесе ашық есік күндерін, жәрмеңкелер, ақпараттық кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Жастар қазіргі таңда бір-бірімен тығыз байланыста. Әлеуметтік парақшаны тұрақты дамыту барысында, Жастар ресурстық орталығының әрбір іс-шарасынан жастар хабардар. Кез келген сұрақ туындай қалғанда, жастарымыз арнайы келіп кеңес алып, үнемі бізбен байланыста болады. Аудан жастарының әлеуметтік жағдайы, оларды толғандыратын мәселелер әрдайым орталықтың бақылауында.

— Жастардың жұмыспен қамтылуы, уақытын тиімді өткізу жағы қалай жүргізілуде?

— Соңғы үш айлық мониторинг жұмыстарының нәтижесінде ауданда 302 жастың жұмыссыз екені анықтады. Ол бойынша біз аудандық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлескен іс-шаралар жоспары аясында жастарды мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмысқа тарту әрекеттерін жасадық. Соның нәтижесінде «Жастар практикасы» бағдарламасымен 68 жас, «Ақылы қоғамдық жұмыс» 47 жас, «Әлеуметтік жұмыс орындары» 26 жас, «Алғашқы жұмыс орыны» 44 жас, жалпы 185 жас жұмыспен қамтылды. Одан бөлек, ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 70 жасты жаз айларына жұмыспен қамтып, қазіргі таңда жұмыстарын бастап кетті. Былтырғы жылы бағдарлама бойынша 150 жасты жұмыспен қамтыған болатынбыз. Жұмысты одан әрі жалғастырып жыл соңына дейін жұмыссыз жастардың 90 пайызын жұмыспен қамтимыз деп отырмыз.
Сонымен қатар орталыққа іс-шараларды өткізуге биылғы жылы аудан бюджетінен 4 млн теңге қаржы бөлініп, өткізілуге тиісті іс-шаралардың жоспары бекітілген. Өздеріңіз білесіздер жазғы уақытта ауданға барлық қалалардан студенттеріміз келеді. Оқушыларымыздың бос уақыты көп. Осы бағытта жоспар бойынша жастардың қатысуымен «Тұғырлы Түлкібас» облыстық пікірсайыс турнирі, «Киелі Түркістаннан – Қасиетті Түркістанға» атты жастар саяахаты, «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойынын өткізу, «Құтты мекен Түлкібас» атты көшбасшы жастарды қолдау мақсатында семинар-тренинг, «Түлкібас аруы 2023» тақырыбында арулар байқауы, жазғы уақытта жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Ауыл кеші көңілді» атты караоке кештерін өткізу шаралары ұйымдастырылады.

Жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу мақсатында білім ошағында семинар-тренинг өткізу дғе сырт қалмайды. Ауыл жастары арасында «Ақсүйек» атты позитивті шоу бағдарламасы, «Жігіт Сұлтаны» және «Студенттер слеті» өтеді. Осы 10 қаржылай іс-шара келесі айдан бастап әр айға жоспарланып, өткізіледі. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаздар анықталған. Осы маусым айына 3 қаржылай іс-шара қойдық, алдағы уақытта өткізуді жоспарлап отырмыз.
— Жастардың білім алуы мен кәсіппен айналысуына қандай жағдай жасалады? Аудан жастары мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарламалармен таныс па?
— Жастардың білім алуына жағдай жасау мақсатында облыс бойынша 15 300 ге жуық грант қарастырылған. Осы грант бойынша біз елді мекендерді аралап, үгіт-насихаттық жұмыстарды қолға алдық. Бұл бағдарлама бойынша мектепті 3 жыл бұрын бітіріп оқуға түсе алмай қалған жастарды барынша қамтып жатырмыз. Одан бөлек, барлығымызға белгілі «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша да жұмыс аз емес.

Аудан бойынша ауқымды жұмыстың бірі — жастарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдетілген несиені жастарға насихаттау.
Бұл бағытта наурыз айынан бастап жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе өз кәсібін одан әрі кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беру басталып кетті. Биылғы жылы атаулы бағдарлама бойынша жастарға 5 млн теңге сомасында шағын несие алуға мүмкіндік жасалған. Түлкібас ауданына облыс тарапынан несие алатын 27 жасқа жоспар берілген. Осы мақсатта аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ аудан бойынша 15 ауылдық округ бойынша елді мекендерді аралап үгіт насихаттық жұмыстар атқарып жатыр. Наурыз айынан бастап орталықтың әлеуметтік желілеріне (Фейсбук, Инстаграм) 32 пост салынды. Азаматтарға 2000-нан астам үнпарақтар таратылды. Қазіргі таңда Түлкібас ауданы бойынша 3 жастың құжаты комиссиядан өтті. Оған қоса, 23 жас ниет білдіріп, құжат жинау жұмыстары жүргізіп, тексеру комиссиясына Агро несие корпорациясына жібердік.
Түлкібас аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Майлыкент ауылдық округы бойынша NEET санатындағы жастардың үйлеріне барып, мемлекеттік бағдарламалар және бос жұмыс орындары, бойынша кәсіпкерлікпен және облыс аралық оқу орны (ОАОО) гранттарына оқуға түсу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығы мамандары Ә.Науаи жалпы орта мектебінде «Серпін-2050», «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» бағдарламасын насихаттау мақсатында түлектермен кездесу өткізді. Бағдарлама мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Ең бастысы, жастарымыз бағдарлама туралы толық ақпарат алып, мамандар тарапы жастарды қызықтырған сауалдарға тұшымды жауап берді.

— Ауданда белсенді жастар көп пе?

— Әрине, ауданда белсенді жастар көп, экологиялық белсенді жастар, волонтерлық бағыттағы белсенді жастар, білім және мәдениет саласындағы көшбасшы жастар, атап айтатын болсақ, өте көп. Айта кетейін, қазір Түркістан облысында арнайы бір талантты белсенді жастар базасын құру жұмыстары жүріп жатыр. Біздің тарапымыздан сол жастардың базасына аудан жастарын көптеп енгізу. Бұл жұмыс бойынша аудандағы барлық мекемелерге базаның сілтемесін тастап, енгізіп жатырмыз. ОАОО-ның студенттері және мектеп оқушыларының қатысуымен пікірталас ойыны өткізілді. Жастарға АПФ (Американдық Парламенттік Формат) форматындағы пікірталас ойынының ережесі түсіндірілді.
Пікірсайыс – бұл интеллектуалды ойын. Белсенді жастар үшін, қоғамның болашақ көшбасшылары үшін — үлкен перспектива. Пікірсайыстар жауапты шешім қабылдауға да үйретеді. Сондықтан алдағы уақытта осындай сайыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып тұру жоспарланып қойды. Түлкібас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының психолог маманының бірлесуімен С.Сейфулин ЖОМ-де аудандағы еріктілер қазғалысымен мемлекеттік бағдарламаларды дәріптеу мақсатында, құқық бұзушылықтың және өз-өзіне қол жұмсау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында арнайы мамандармен кездесу өтті. Сонымен қатар есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі кереғар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бағытында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Осы сынды жұмыстар аудандандағы әр ауылда тұрақты түрде ұйымдастырылады.

— Түлкібас ауданында ерікті жастар жасағы бар ма? Олар қандай іс-шара өткізді?

— Аудан жастарына еріктілік бағыты бойынша атқарылатын жұмыстар барысы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Еріктілі болуға ниет танытқан жастар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тиісті жауаптарын алды. Кездесу барысында «Жасыл ел» жастар жасағының жұмыстарына тарту бойыша ақпарат берілді. 2017 жылдан бастап Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан «Мейірім» еріктілер тобы құрылған. Еріктілер тобының құрамында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттері және аудан орталығындағы білім ошақтарының оқушылары бар. Жалпы «Мейірім» еріктілер тобында 60 белсенді жас жұмыс істеп жүр. Қазіргі таңда еріктілер тобы белсенділерінің қатысуымен ауданда түрлі қайырымдылық іс-шаралар өтуде. Еріктілеріміз биыл Түркиядағы жер сілкінуден зардап шеккендерге, сондай-ақ өзіміздің Екібастұзда орын алған төтенше жағдай кезінде үлкен көмек берді. Аудан тұрғындарынан қор жинау кезеңінде жоғары деңгейде нәтиже көрсетті. Одан бөлек, барлығымызға белгілі Арыс қаласындағы жарылыс кезінде, Қостанай облысындағы өрт кезінде, Мақтарал ауданындағы су тасқыны кездерінде қарап қалмай өз көмектерін көрсетті. Аудан көлемінде де түрлі экологиялық шараларда қол ұштарын созып, белсенділік танытады.

Ауданымызда ерікті жастардың қатары күн санап артып келеді. Бұл, әрине, аудан жастарының ерікті болуға деген ниетінің жоғары деңгейде екенін көрсетсе керек. Аудандағы әрбір ауылда еріктілер ұйымы бар. Олар өздерінің ауылын дамытуға, қарт адамдарға көмектесуге, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік азық-түлік таратуды ұйымдастыруда белсенді. Одан бөлек, жастарымыз даталы мерекелік іс-шараларға арналған арнайы салтанатты рәсімдерді өткізуге түрлі бағдарламаларын таныстырады. Осындай игі шаралар Жастар ресурстық орталығы тарапынан қолдауға ие. Сондай-ақ ауданның еңбекқор жастарынан құралған «Жасыл ел» сарбаздары аудан орталығында орналасқан саябақтар, аллеялар, тұрғын үй аулаларында, көше бойларында тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізеді.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Түлкібас аудандық штабы өз жұмыстарын жалғастыруда. Мақсат — елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету — басты міндетіміздің бірі. Осы ретте жастардың еліміздің дамуына белсенді араласып, өз арман-мақсаттарына жету жолында Жастар ресурстық орталығы әрқашан көмек қолын созуға дайын.

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева,
Түркістан облысы

Суреттерді ұсынған Түлкібас ауданы «Жастар ресурстық орталығы»

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее