jasqazaq.kz

Нұрғиса Азия чемпионы атанды

12 мамыр 2023, 16:42

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
«Бүгін 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.

Ол серпе көтеруде 181 келімен қорытындылап, осы бағдарламада кіші күміске қол жеткізген. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді ырқына көндіре алды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте 400 келімен топ жарды. Бұл Ұлттық құрама спортшысының халықаралық жарыстардағы ең үздік нәтижесі екенін айта кетейік. Күміс пен қоланы Оңтүстік Корея атлеттері жеңіп алды.

Ерлер арасындағы 102 кг Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Чинджудағы сары құрлық бәсекесінде жолдама иеленуге мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріліп жатыр. Осығған дейін Ұлттық құрама сапындағы Арли Чонтей (55 кг салмақта) мен Алексей Чуркин (73 кг) қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрғиса былтыр Колумбия астанасы Боготада өткен Әлем чемпионатында қос сайыс нәтижесінде 383 кг (174+209) зілтемірді көтеріп, күміс медаль жеңіп алғаны» жазылған дирекцияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ерлер арасындағы сында Арли Чонтей мен Алексей Чуркин қола жүлдегер атанды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі