
Риодағы Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов әзірбайжандық Теймур Мамедовты ұтып, жартылай финалға шықты.
Есеп – 3:0. Осындай басым ұпаймен Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл — финалға шыққан екінші боксшысымыз.
Ол жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен жекпе-жек күтіп тұр. Бұл боксшылар арасындағы кездесу 17 тамызда өтеді.
Әділбек бұған дейін 1/8 финалда Беларусь боксшысы Михаил Долголевецты оңай жеңген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Ерәлиев, Біржан Жақыпов, Берік Әбдірахманов, Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды. Енді жарыс жолында алты боксшымыз қалды.