jasqazaq.kz

Нижат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

11 тамыз 2016, 5:40

C12U3679(2)

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні Қазақстан қоржыны алғашқы алтынмен толықты. Оны 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Нижат Рахимов жеңіп алды. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі  хабарлады.

Нижат жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші болып аяқтаған еді. Ал осы сайыста 177 келі зілтемірді көтеріп, жерлесімізден 12 келіге асып кеткен болатын.

Алайда серпе көтеруде қазақстандық спортшының жұлдызы жанып, 214 келіні басынан асырып, басты қарсыласынан  Рио Олимпиадасының алтынын тартып алды. Сөйтіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетті.

Қытайлық Люй Сяоцзюнь 202 келіден артық көтере алмады.

Естеріңізге сал кетейік, осыдан бір сағат бұрын Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш болып, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Барша Алаштың арманын орындаған қаракөз қарындасымызға Алаш жұрты ақ тілектерін жаудырды.

Осылайша,  бүгін Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс медаль түсті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде