
«Астана» командасының мүшесі итальяндық велошабандоз Винченцо Нибали «Жиро дИталия» көпкүндігінің жалпы есебінде жеңіске жетті.
31 жастағы Нибали Гран-турда осымен төртінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Ол 2013 және 2016 жылдары «Джиро» көпкүндігінде, 2014 жылы «Тур де Франста» ал 2010 жылы «Вуэльтада» мерейі үстем болған еді.