jasqazaq.kz

Неміс ұлтының өкілі қазақ халқына алғыс білдірді (видео)

15 ақпан 2017, 10:42

Қазақстанда туып-өскен неміс ұлтының өкілі қазақтарға алғыс айтқан видеосын ғаламторға жариялады. Қазір оны әлеуметтік желі қолданушылары бірінен бірі алып, кеңінен таратып жатыр.
Видео авторы Ресей мен Украинадағы қандастарын да көргенін айтады, деп хабарлайды Caravan.kz. Оның ойынша, солардың арасында ең мейірімдісі, ең қонақжайы Қазақстандағы немістер екен. Өйткені олар осындай жақсы қасиеттердің бәрін қазақтардан үйренген.

«Қазақтар біздің жер аударылып келген ата-бабаларымызға қамқор болды, нанын бөліп берді. Анау чешендерден, татарлардан, Балтық елдерінің өкілдерінен сұрап көріңіз. Кезінде Қазақстанға депортацияланған өзге ұлттардың 90 пайызы аман қалған. Кеңес одағының сарбаздары оларды азап лагерьлеріне жіберді. Ал қазақтар солардың балаларын бағып-қақты. Біз осының арқасында аман қалдық. Бірақ қазақтар ешқашан осындай ұлы халықпыз деп кеудесін соққан жоқ. Олар ресейліктер сияқты емес. Қазақстанда туып-өскен бір досым Ресейге көшіп барған ғой. Сөйтсе, оған жергілікті тұрғындар күн көрсетпей қойыпты. Балаларына тиісіп, ақыр аяғында үйін өртеп тынған. Сөйте тұра ондағылар өздерін ұлы халық санайды, ал қазақтарға мұрын шүйіре қарайды. Жоқ. Меніңше, нағыз ұлы халық — қазақтар» деп ағынан жарылады неміс ұлтының өкілі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде