jasqazaq.kz

Неміс компаниясы елімізде «ақ мұнай» өндіреді

29 қыркүйек 2023, 19:33


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары отандық экономикаға инвестиция тартуға айрықша мән берді. Президент немістің HMS Bergbau AG компаниясының басқарма төрағасы Деннис Швиндпен кездесуде Қазақстанның шетелдік инвесторларды қолдайтынын және жобаларды табысты іске асыру үшін қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Бұл туралы jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мемлекет басшысы әлемнің дамыған елдерінің экономикасы тарапынан литийге сұраныс артып келе жатқанына назар аударып, сирек кездесетін металдарды өндіру және қайта өңдеу ынтымақтастықты дамытудың аса маңызды бағыттардың бірі екеніне тоқталды. Осы орайда тау-кен өндіру өнеркәсібіне қолайлы реттеу экожүйесін қалыптастыру үшін Қазақстан бар күш-жігерін жұмсайды.

HMS Bergbau AG басшысы Шығыс Қазақстан облысында аса бағалы қасиетіне орай «ақ мұнай» деп те атайтын литий өндіру және оны қайта өңдейтін кен байыту комбинатын салу жобасымен таныстырды. Жоспарланған инвестицияның жалпы сомасы – 500 миллион доллар.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай инвестициялық жобалардың ел экономикасы мен оның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін маңызды екенін атап өтті.
Дерек-Дәйек:
HMS Bergbau AG – Германиядағы қатты пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен айналысатын жетекші тәуелсіз компаниялардың бірі. Бұл компания АҚШ, Сингапур, ОАР, Индонезия, Польша, БАӘ, Ботсвана мемлекеттерінде шикізат өндіру жұмыстарын белсенді жүргізеді. Сондай-ақ оның Қытайда, Үндістанда, Кенияда, Малайзияда, Пәкістанда, Шри-Ланкада, Бангладеште және Вьетнамда өкілдіктері бар.

JQ — Naryq

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі