jasqazaq.kz

Немересінің емі үшін пара алған

15 ақпан 2017, 10:57

Денсаулық сақтау министрлігінің шенеунігі онкологиялық ауруға шалдыққан немересінің емі үш үшін пара алған, енді ол айыппұл төлейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы Медициналық қызмет төлемдері комитеті департаментінің басшысы Дүйсебек Қазанғаповқа қатысты сот үкімі шықты.

«Соттың үкімімен Дүйсебек Мұсабекұлы бірнеше рет пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Ол айыппұл ретінде 7,7 миллион теңге төлейтін болды, сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», — деп оқыды үкімді Павлодар қалалық қылмыстық соттың судьясы Айгүл Ахметова.

Сотталушының айтуынша, оған салынған айыппұлды туыстары төлеп береді. «Туыстарым көмектеседі. Отбасымызда жеті адамбыз. Ағаларым, әпкелерім бар. Олар да көмектеседі», — деді Дүйсебек Қазанғапов.

Сонымен қатар, соттағылар пара берген бас дәрігерлерге қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғанын айтты. Сот барысында Дүйсебек Қазанғапов қызметкерлерінен аққанмен ауыратын үш жасар немересінің еміне пара алып келгенін айтты.

Былтыр 30 желтоқсанда шенеунік Екібастұз ауруханасының дәрігерлерінен 80 мың теңге көлемінде сыйақы алған. Қазанғапов пара алғаннан кейін бірден ұсталған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде