jasqazaq.kz

Немересі атасын тонап, масқара болды

22 қараша 2023, 17:12

БҚО-да екі жасөспірім қарт адамды тонады. Күдіктілердің бірі жәбірленушінің немересі болып шықты.

Polisia.kz.хабарлағандай, 16 қарашада 21:40-та Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кезекшісіне үрейі ұшқан әйел қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның әкесіне шабуыл жасап, қалтасындағы ақшасын ұрлап кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Дабыл бойынша полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Оқиға орнына бара жатқан жолда учаскелік полиция инспекторы жол бойында екі жігітті байқайды. Бірақ олар полиция қызметкерінің оларға қарай бет алғанын байқап, қашып кетеді. Алайда полиция қызметкері біреуін танып үлгереді. Оқиға орнына жеткен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз екі жігіттің егде жастағы ерлі-зайыптылар тұратын үйге кіріп, ер адамға дене жарақатын салып, оны тонап, 190 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткенін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 18 және 17 жастағы екі бозбаланы Дариян ауылында қолға түсірді. Оның бірі жәбірленушінің өз немересі болып шықты.

Жауап алу кезінде тонауға барған әлгі екеу сол күні Орал қаласынан Дариян ауылына қайтып келе жатқан жолда бірі-бірімен кездесіп, жәбірленушінің немересі қызға сыйлық сатып алу жоспарын досымен бөліскенін және және бұған досы да келісе кеткенін жеткізді. Ауылға жеткен соң олар күдіктінің атасы мен әжесі тұратын үйге қарай бет алады. Немересі әжесінің сол уақытта жұмысқа кететінін білген. Әйелдің жұмысқа кеткенін күткен немересі үйге терезе арқылы еніп, досының сыртта қалуын өтінеді. Үйге кірген ол ақша іздей бастайды, алайда атасы бөлмеге кіріп, шкафқа тығылып үлгереді. Атасы біреудің жүргенін байқап, сөйлей бастайды. Немересі досына телефон арқылы ішке кіруін сұрайды. Жүгіріп сыртқа шыққан атасының басына сүлгіні лақтырады, жерге жығып құлатып, қалтасындағы ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалайды. Оларды ұстау кезінде бірінің, яғни 18 жастағы күдіктінің қалтасынан тапанша және жиналмалы пышақ, ал 17 жастағы немересінен ұрланған ақша табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры