jasqazaq.kz

«Некедегі әйелге көз салатын мисыз емеспін»: Олжас Абай даулы оқиғадан кейін жазба жариялады

07 қазан 2025, 10:20
Фото: https://www.instagram.com/ochooou_official/

Фото: https://www.instagram.com/ochooou_official/

Танымал актер Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі екі жастың ажырасып кетуіне себепкер емес екенін айтып, ақталды.

“Оу, ағайын! Өмірге ренішті болып, жаман сөз жазып, мені жерден алып, жерге салып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, “молодец” деп қошамет соғып едіңдер. Енді бір жақты ойлайтын адамның қызғанышына сеніп, менің өнерге деген шексіз сүйіспеншілігімді аяқ асты етпеңдер», – деді актер.

Одан кейін жеке өміріне қатысты әңгімелердің жалған, шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Әріптесі Дариғамен кинода ғана серіктес екенін айтты.

“Некедегі әйелімен ажыраспай жатып көз салады дегендер — мені түсінбегендер. Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. 15 жылда 25-тен аса кинотуындыға түсіп, халықтың миллиондаған қошеметіне бөленген актер ретінде мен өз еңбегіммен жетістікке жеттім. «Дариғадай мінезді, мықты актрисамен серіктес болып жұмыс істедім. Сол еңбегімді өнер жолындағы жетістік деп білемін. Басымды бала күннен тік көтеріп жүрмін, ары қарай да жүре берем”, – деді кино жұлдызы.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі