jasqazaq.kz

Неге сонша бүліндік?

13 маусым 2020, 17:51

Осы аптада әлеуметтік желідегі оқырман екіге бөлініп, революция кезіндегі ақтар мен қызылдар сияқты қырылысты. Даудың басы – Шымкент қаласындағы «TALAS FILM» түсірген «Жезөкше» бейнеролигі.

Мұндағы ең басты негізге алғаны – ұлттық болмысымызға жат киім үлгісі көрсетілген. Қысқа белдемше – «мини юбка» жайлы. Асықпай бейнероликті көріп шықтым. Үш-төрт рет қайталап қарадым. Содан соң әлеуметтік желідегі пікірге назар аудардым. Сонда байқағаным, бір топ бірігіп алып «Сәлафиттер қазақ қыздарымен соғысуда» десе, енді бірі «Имандылық шүберекте емес, жүректе» деп ұран тастауда. Содан ауыр ойға қалдым.

Оқырман фильмнің мазмұнына емес, тақырыбына ғана назар аударып, байбалам салуда. Сіз өзіңіздің анаңыздың, әйеліңіздің, қарындасыңыздың немесе қызыңыздың қысқа юбка кигенін қалар ма едіңіз?! Мәселе осында. Отбасында жақсы тәрбие көрген қыз ешуақытта бұлай киінбес еді.

Біздің қоғам қайда кетіп барады?! Мына түрімізбен ұлттық болмысымызды, қазақы мінезімізді, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, жойып алатын сияқтымыз.

Әлеуметтік желідегі оқырманның бәрін сауатты, мәдениетті, ұлттық құндылықтың қорғаушысы дей аласыз ба?! Менің байқағаным, олардың ішінде бастауыш сыныптық білім деңгейі жоқтар да, сөздің мәнін, парқын білмейтіндер де жетіп артылады екен. Қай уақытта да ұлттық мүдде мен қазақ өнеріне қатысты ой-пікірімді айту – азаматтық парызым деп есептеймін. Қазіргі кезде әлеуметтік желіге қомақты қаржы бөліп, қазақ ұлтын жою үшін атсалысып жатқан, жасырын, ұйымдасқан қылмыстық топ бар-ау деп те ойлайтын болдым.

Қалдыбек Құрманәлі,
композитор

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі