jasqazaq.kz

Үндістанда жойқын зілзала болды

04 қантар 2017, 11:56

Үндістанның солтүстік-шығысында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Бангладештің шекарасынан басталған, — деп хабарлайды Вести.ru.

Табиғат апаты елде жүздеген құрылысты қиратып, аймақта лай көшкіндерінің жүруіне себеп болған. Елдің Ұлттық сейсмология орталығы жер дүмпуінің эпицентрі Трипура штатындағы Дхалай аймағында, 28 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

Баслымның мәліметінше, жер дүмпулері Үндістанның солтүстік-шығысы және Бангладешпен шекаралас аймақтарда сезілген. Штаттағы жүздеген үйдің қабырғалары құлаған немесе бүлінген. Жер дүмпуі кезінде адамдар үйлері мен жұмыс орындарынан далаға қашып шыққан. Бірнеше аймақта лай көшкіні жүрген. Адам шығыны туралы әзірше хабар жоқ. Қазіргі кезде жергілікті билік келген шығынды есептеп жатыр.

Әлемдегі ең қауіпті алты сейсмикалық белдеудің бірі Үндістанның солтүстік-шығысындағы таулы аймақты кесіп өтеді екен. Дәл осы тұста бұрындары да өте күшті жер дүмпулері болған.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде