
Үндістанның солтүстігінде жүйткіген жолаушылар пойызы шойын жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Салдарынан 60 адам ажал құшып, жүзден астамы жарақат алған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, апат Канпур қаласының маңында болған.24.kz хабарлағандай, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен жергілікті билік өкілдері жетіп, зардап шеккендерге жәрдем беріп жатыр. Әзірге апатқа не себеп болғаны туралы нақты дерек жоқ.