jasqazaq.kz

Үндістанда Наурыз мерекесі тойланды

22 наурыз 2017, 10:15

Екі мыңнан астам Нью-Дели тұрғындары мен қонақтары Наурыз мерекесін тойлады. Мерекелік шараны Үндістандағы елшіліктер ұйымдастырды, оның қатарында Қазақстан елшілігі де бар. Оны әншілер, биі және саз ансамбльдері өнер көрсететін дәстүрлі жәрмеңке ретінде өткізді, сондай-ақ ұйымдастырушы елдердің ұлттық тағамдары қойылған дастархандар жайылды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Үндістанда Наурыз үшінші мәрте кеңінен аталып өтуде. Биылғы көктем мерекесін атап өтуге келген қала тұрғындары мен қонақтарының саны бұрынғыдан көп болды. Келушілердің дені Наурыз үнді халқына етене таныс әрі жақын болып бара жатқанын атап өтті. Мәдени бағдарлама аясында Қазақстан Global Air туристік компаниясы қолдауымен елшілік келуін ұйымдастырған музыкалық-би ансамблі өнер көрсетті.

Дели тұрғындары қазақ халқының сазы, әні және билерін жақсы қабылдады. Көмей сазын орындап, шаңқобызда ойнаған Анар Қасымова, қобыз шерткен Дариға Қадырова, сондай-ақ халық биін билеген алматылық A’DIVA би ұжымының өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Қонақтар қазақстандық дипломаттардың әзірлеген ұлттық ас мәзірі наурыз көже, қуырдақ, бауырсақ, ірімшік, жент, құрттан ауыз тиді, қазақ шеберлерінің қолынан шыққан кәдесый, картина және ұлттық киімдерді тамашалады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде