jasqazaq.kz

Үндістанда маугли-қыздың ата-анасы табылды

18 сәуiр 2017, 9:41

Үндістанда маугли-қыздың ата-анасы табылды. Көп уақыт бойы орманда маймылдармен бірге тұрған кішкентай қыз адам тілін ұмытып, төрт аяқтап жүреді.

Баланың ата-анасының айтуынша, қыздары бір жыл бұрын базар маңында олардан қашып кеткен, деп жазады Daily Mail. 45 жастағы Рамзан Али Шах пен оның 35 жастағы жұбайы Назма қыздарының суретін газет бетінен көргенін айтады. «Біз өз көзімізге өзіміз сенбедік. Қызымыз базардағы ығы-жығы кісілердің арасында жүріп, бізден қашып кеткен еді. Содан бері ол ұшты-күйлі жоқ болып кетті», — дейді қыздың әкесі. Шах қызының есімі Ализа екенін және оның 10 жаста екенін алға тартып отыр. Оның айтуынша, қыз психикалық дертке шалдыққан және дәрі сатып алып тұрған кезде олардан қашып кеткен. Сондай-ақ Шах жергілікті полицияның қызын тауып беруге еш құлық танытпағанын айтады. ҚазАқпарат хабарлағандай, енді Шах пен оның жұбайы орманда табылған қыздың ата-анасы екенін дәлелдеу үшін қан тапсырулары қажет.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді