jasqazaq.kz

Назым Қызайбайға неге пәтер не көлік сыйламай жатыр?

16 тамыз 2024, 9:38

Олимпиада жүлдегерлері елге келген соң сый-құрметтің астында қалды. Тіпті медаль алмағандардың өзіне көлік, пәтер сыйлап жатыр. Алтын медаль иеленген Елдос Сметовтің үйі тұрған көшеге асфальт төсеп тастағаны өз алдына.

Ал Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға елге келген соң қандай сый-құрмет көрсетілді?

Тengri Sport-қа берген сұхбатында ол:

«Әзірге ешкім ештеңе сыйлаған жоқ. Алда бола жатар. Кез келген спортшы ең алдымен ел намысын қорғайды. Біздің мақсатымыз — Олимпиада жүлдесі, Олимпиада алтыны. Сол үшін де жылдар бойы тер төгеміз. Дегенмен материалдық жағы да керек. Өйткені біз бүкіл уақытымызды спортқа арнаймыз. Әрине, өзімізді, отбасымызды қамтамасыз еткіміз келеді», — деп жауап берді.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер атанған Нариман Құрбановқа да осы күнге дейін ешқандай сый-сыяпат жасалған жоқ.

JQ-Aqparat

Сурет: olympic.kz

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі