jasqazaq.kz

Назым Қызайбай: Ең бастысы, елге жүлдесіз қайтпағаным қуантады

07 тамыз 2024, 10:09


Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшыдан ұтылып, қола жүлдегер атанған еді, деп хабарлайды kaz.inform.kz.

Жекпе-жектен кейін ол алтын медальға қол жеткізе алмағанына өкініп тұрғанын айтып, жылап жіберді.

«Негізгі мақсатым Париж Олимпиадасының алтыны болатын. Өкінішке қарай финалға жете алмай қалдым. Дайындығым барлығы өте жақсы болып еді. Бірақ қытай қызы тактикалық жақтан алдап кетті. Негізі, менен бүкіл халық алтын күтті ғой. Мен сол күткен үмітті ақтай алмадым. Сол жағын ойлап, көңілім босап тұр. Арманым — қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы атану еді. Бірақ, бұйырғаны қола медаль болды», — деді Назым Қызайбай.

Десе де, Олимпиададан алған жүлдесін кімдерге арнайтынын да айтып өтті.
«Бұл Олимпиада жүлдесін қаншама жыл армандадым. Алтын болмағаны деген болмаса, бұл да медаль емес пе. Ең бастысы елге жүлдесіз қайтпағаным қуантады. Жүлдемді еліме, ата-анама, жанкүйерлеріме, командаластарыма арнаймын», — деді боксшы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі