jasqazaq.kz

«Нәзік жанды екенімді сезіндім»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы көпшілік білмейтін жайтты айтты

03 желтоқсан 2024, 14:31

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзін күйеуінің қасында қалай ұстайтынын айтып, көпшілікке жолдасы екеуінің басынан өткен қызықты оқиғаны бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айгүл Иманбаева аталмыш жағдайдан кейін өзін шын мәнінде нәзік жанды екенін толығымен сезінгенін жасырмады. Өнер иесі жолдасының сөздерінен кейін ойланып қалғанын айтты. Әнші күйеуі екеуі туралы қызықты оқиғаны Instagram-дағы парақшасында бөлісті. «Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуміздің бір оқиғамызды айтып берейін. Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам күйеуім «Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру» деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінше рет күйеуімнің иығына басымды қойып, ерекелей алдым. Қыздар, күйеулеріңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады», — деді Иманбаева.

Фото: Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді