jasqazaq.kz

Наурызбай қажы Тағанұлы: Түскен садақа мұқтаж жандарға беріледі

20 наурыз 2023, 14:01

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір-садақадан мешіттерге жиналған ақша қайда жұмсалатынын айтты.

«Пітір садақасы әр мешітке жеке-жеке түседі. Бір жерге ғана түспейді ғой. Қазақстанда қазір 2700-ден астам мешіт бар. Тұрғындар өздері тұрып жатқан жердегі мешіттерге жеке-жеке береді. Әрине, бір қалаға немесе мешітке қатысты мәлімет керек болса, оның есебін көруге және сұраған адамдарға беруге де болады. Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы айтып кеткендей, түскен садақа жыл бойы мұқтаж жандарға беріледі», — деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы мешіттен көмек сұрап келген адамға жәрдем берілмейтін жәйттер сирек кездесетінін, оның өзі қаржылық мүмкіндіктермен ғана байланысты екенін айтты.
«Әрине, түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Кей мешіттерде мүмкіндігі болмай, қаражат мәселесі болуы мүмкін. Бірақ бұл өте аз. Өйткені біздегі әр мешіттің тізімі бар. Бір ауылдың мешіті болса, сол ауылдағы жағдайы төмен отбасылардың тізімі мешітте сақталады. Оларға уақтылы көмектер беріліп тұрады», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

JQ-Aqparat

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу