jasqazaq.kz

«Nauryz» ұлттық бәйгесінің қорытындысы шықты

31 наурыз 2023, 23:47

 

Биыл ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет отандық сериал контентіне арналған «Nauryz» ұлттық бәйгесі ұйымдастырылды.

Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында отандық телеарналардың эфиріне, YouTube арнасында шыққан сериалдар мен шығармашылық топтар 13 номинация бойынша қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Nauryz-2023» ұлттық телесериалдар бәйгесінде шараның маңыздылығына, отандық телесериал нарығының дамуына тоқталды.

«Наурыз – жаңару мен жасарудың, гүлденудің символы. Дәстүрлі жыл басында өткізіліп отырған бұл байқау отандық сериалдардың жаңа сатыға көтерілуіне сеп болады деп сенеміз.

Жалпы, соңғы жылдары елімізде креативті индустрия, сериалдар өндірісі өркендеп келеді. Мемлекет басшысы да осы саланың дамуына айырықша екпін берді. Сериалдардың саны да, сапасы да артып келеді. Оларға бөлінетін қаражатты да ұлғайтуды мақсат етіп отырмыз», — деді министр.

Әділ қазы алқасының шешімімен «Үздік тарихи сериал» номинациясын Qazaqstan ұлттық арнасы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалы иеленді.

Бұл жүлдге «Қаныш. Қазына», «Қызыл жебе», «Мәншүк» таласқа түскен еді.

«Үздік драмалық сериал» номинациясында да Qazaqstan ұлттық арнасының «Ақжауын» туындысы үздік атанды.

Мұндағы шорт-тізімге «Бірге бол», «Рауза. Сакураның гүлдеуі», «Шанхай» телехикаялары енді.

«Үздік комедиялық сериал» аталымында  шорт-тізімге енген «Бажа», «Күйеу бала», «Патруль» туындылары арасынан «Келінжан» озық шықты.

«Үздік веб-сериал» номинациясында «Аппақ келін», «Ойна», Serjan Bratan, «5:32» сериалдары бақ сынады.

Нәтижесінде Salem Social Media түсірген Serjan Bratan озып шықты.

Жеңімпаздарға NAURYZ арнайы мүсіні және 1 миллион теңге сыйақы табысталды.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата