
Бакуде 14 наурыз күні Наурыз мерекесіне арналған салтанатты рәсім кезінде оқыс оқиға болды.
Салтанатты шеруше шығарылған түйенің бірі оқыс қимылдап қалып арқасында отырған қызды ұшырып түсіреді де қаша жөнелген.
Алып жануар сол кезде жерге құлаған қыздың үстінен таптап өтеді. Қыз жарақат алып, жедел түрде медициналық көмек қажет болып қалады. Оқиға сол жерге жиналған қалың жұртшылық пен телекамералардың алдында болған. Бұл туралы stan.kz сайты жазды.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=28&v=CmhQ4gdXcfU