jasqazaq.kz

Науқас балаларға қор жинауға арналған қаражат жәшігін ұрлап кетті (видео)

16 наурыз 2017, 17:31

Ақтауда науқас балаларға қор жинауға арналған қаражат жәшігін ұрлау сәті видеоға түсіп қалды.

Оқиға 15 наурызда сағат 15:00-де «Волна» сауда үйіндегі «Триумф Актау» дүкенінде болған. Мүгедек балаларға арналған жәшіктің ұрланғаны сәті дүкенде орнатылған бақылау камерасына түсірілген. Дүкен иесінің айтуынша, кассир өнімді алып келу үшін қоймаға кеткен. Залда бір ғана әйел жүрген. Кеңседе өзінен басқа ешкімнің жоқтығына көз жеткізген әйел ақша жатқан жәшікті алып кеткен. Кадрлардан әйелдің жасы 30-40-та екенін аңғаруға болады. Бұл туралы «Ладаға» сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

Алайда дүкен иесі полицияға арызданбайтынын айтып отыр. «Бұл азаматшаны табады дегенге сенбеймін. Тапқан күннің өзінде ақшаны жаратып қойған шығар. Біздің мақсатымыз қалада ақша жәшіктерін орнатататын тұрғындарына ескерту. Сақ болу керек және осындай ұры әйелдің барын білсін. Біреу-міреу танып қалар. Достары, туыстары бар шығар», — дейді дүкен иесі Олег.

https://www.youtube.com/watch?v=yC6hxkzlsis&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде