jasqazaq.kz

Наталья Годунова: Қазіргі жағдайда Үкіметтің орнына өзіңізді қойып көріңіз

15 маусым 2023, 17:01

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды. Жалпы отырыстан кейін тілшілер палата басшысынан бюджетті игеруде мемлекеттік органдар жіберген кемшіліктері үшін жауап бере ме деп сұрады.
Наталья Годунова бюджеттің орындалуына қатысты Үкіметке жиі сын айтылатынын, алайда бұл салада объективті себептер бар екенін айтты.
«Жоғары аудиторлық палата өзінің құзыреті аясында сын айтып жатады. Аудит жүйелі проблеманы, кемшіліктерді, заң талаптарын бұзу деректерін анықтайды. Бұл біздің негізгі міндетіміз. Бірақ Үкіметтің алдында тұрған қиындықтарды да назарға алған жөн. Әлемдегі геосаяси жағдайды, әлемдік нарықтардағы турбуленттілік, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бағасының құбылмалылығы сияқты қазіргі жағдайда өзіңізді Үкіметтің орнына қойып көріңіз. Осындай жағдайда белгіленген міндеттерді орындау аса күрделі болып тұр. Егер Үкімет жүзеге асырған қадамдар орындалмаса, онда еліміздегі жағдай айтарлықтай қиын болар еді», — деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі