jasqazaq.kz

Наталья Годунова: Бюджет тапшылығы – қарызға өмір сүру

07 маусым 2023, 12:49

Жыл сайын мемлекеттік бюджетке 3-4 трлн теңге салық түспей қалады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова айтты.
«Біз осы уақытқа дейін бюджетті толықтыруға қатысты бүкіл резервті іске қосқан жоқпыз. Әрине, республикалық бюджет 2017 жылғымен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайды. Алайда салық органдары өндіріп алуы тиіс резерв заңнан тыс қалып жатыр. Бұл «көлеңкелі экономика», яғни жыл сайын мемлекеттік бюджетке түсетін 3 трлн теңгеден 4 трлн теңгеге дейінгі салық. Сонымен қатар, осыған ондаған жылдар бойы есепке алынбаған және кейде қаржы бизнесінің гүлденуі үшін қолданылуын жалғастырып жатқан салықтық жеңілдіктерді тағы қосыңыз», — деді ол.

Елімізде басқа да жеңілдіктер мен артықшылықтар бар, олардың көлемін ешкім бағаламаған.
Жоғары аудиторлық палатаның аудиті 64 салық жеңілдігін ұлттық экономика министрлігі де, мемлекеттік кірістер комитеті де ескермегенін анықтады.
Сонда тек 4 жылдағы бюджет шығыны шамамен 10 трлн теңгені құрады.

«Соның салдарынан созылмалы бюджет тапшылығы орын алды, яғни көрпеңе қарай көсіліп емес, қарызға өмір сүресің. Бұл ретте үкіметтік борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар бюджеттің таза кірістерінің 25 пайызын немесе 2,9 трлн теңгені құрайды», — деді Наталья Годунова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі