jasqazaq.kz

Наталья Годунова: Ауыл шаруашылығына жұмсалатын судың 45% ысырап болып жатыр

20 желтоқсан 2023, 11:09


Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова су ресурстарының басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын таныстырды.
«Өзге елдермен салыстырғанда біз іс жүзінде су үнемдеу технологияларын қолданбаймыз немесе өте сирек қолданамыз. Ескі каналдар мен тозығы жеткен желілерде ысырап болып жатқан судың көлемі өте үлкен. Біз есептедік. 2022 жылы ауыл шаруашылығында ғана ысырап болған судың көлемі 5,2 текше шақырым болған. Бұл салаға алынған судың 45 пайызы деген сөз», – деді ол.
Наталья Годунова бұл шығынды жойса, трансшекаралық өзендерге тәуелділіктен арылуға болатынын айтады.
«Ал трансшекаралық өзендер арқылы сырттан келетін судың тапшылығы былтыр 0,8 текше шақырым болған. Осыдан-ақ су үнемдеу технологиясын жаппай енгізу арқылы трансшекаралық өзендерден келетін судың тапшылығын қалай жабуға болатынын өздеріңіз де бағалай аласыздар», – деді Жоғары аудиторлық палата басшысы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі