jasqazaq.kz

Насымжан Оспанова: Көрші үйде бала жыласа, үнсіз қалмаңыз

13 қыркүйек 2023, 15:24

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қазақстандықтарды балаға қарсы зорлық-зомбылықпен белсенді күресуге үндеді, деп хабарлайды inform.kz.

«Елімізде балалардың құқығын қорғау бағытында қатаң шаралар қолданылады. Заңнама бойынша балаға зорлық-зомбылық көрсету фактісі туралы хабарлау үшін өтініш жазудың қажеті жоқ. Жалғыз рет қоңырау шалса жетіп жатыр.

Көрші үйден баланың шыңғырған, жылаған даусын естідіңіз бе – үнсіз қалуға болмайды. Бұл жай ғана қолайсыз жағдай емес, бұл құзырлы органдарға хабарлайтын жағдай. Кіре беріс есікте учаскелік полицияның нөмірі жазулы тұрған жоқ па? Немесе мектепке қоңырау қалай шалатынын білмейсіз бе? Әлде ортақ чатқа жаза алмайсыз ба? Балаға қатысты зорлық-зомбылықты хабарлаудың түрлі жолы бар. Мен баланың құқығымен байланысты мәселеге келгенде ешбір мемлекеттік орган бей-жай қарамайтынына сенімдімін», — деді комитет басшысы орталық коммуникациялар қызметінде.

Сондай-ақ, ол балалардың құқығын қорғау мәселесінде БАҚ өкілдерінің өте белсенді екенін айтып, алғыс білдірді.

«Сондай жағдай бола қалса, БАҚ-тың бәрі хабар таратады, желінің бәрі шулайды. Бұл жердегі ең басты дүние – зәбір көрген баланы суретке түсірмеу керек. Аты-жөні мен мекенжайын, қай мектеп оқушысы екенін көрсетпеу керек. Өйткені бала ертең өседі. Оның тағдыры сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан осы жағын ескерсеңіздер», — деді Насымжан Оспанова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі