jasqazaq.kz

Наркокурьерлер кофе стақанын пайдалана бастады (Видео)

16 қантар 2024, 13:24

Алматы полициясы есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланатынын айтты.
Polisia.kz. хабарлағандай, Алматы полициясы арнайы іс-шара кезінде синтетикалық есірткіні көтерме сатушылар мен бөлшек саудада таратушыларды ұстады. Олар жұп болып жұмыс істегені анықталды.
«Осыдан бірнеше күн бұрын 27 және 29 жастағы Алматы азаматтары ұсталды. Олардан мефедрон синтетикалық психотроптық заты бар 36 бума тәркіленді. Арнайы іс-шаралар барысында жастар есірткіні тұрақты жеткізушілерден сатып алғаны анықталды. Бұл адамдар белгілітек сенімді сатушылармен “жұмыс істеуді” жөн көрді. Қаскөйлердің жалға алған үйінен, атап айтқанда, тоңазытқыштан жалпы салмағы 2 келіге жуық ұнтақты зат салынған 745 бума табылды және тәркіленді. Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, есірткіні көп мөлшерде Алматы облысының
елді мекендерінен алғандарын айтты. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткіні кофе стақандарына жасырған», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі