jasqazaq.kz

 Наркенже Серікбаева: Жақсылықты айту менің адами қасиетім

04 қыркүйек 2023, 12:04

Әнші Наркенже Серікбаева отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген кезінде қалай үйлі болғанын айтты.
«Түркияға бірінші кезде Айнұр әпкемнің шақыртуымен бардым. Әлі де шақырса бара беремін. Арман туралы да жаман нәрсе айта алмаймын. Біреулер ол қашқын дейді. Менің өзіме жаманшылығы тимеген. Мен филармонияда қанша жыл жұмыс істеп, Түркістан облысы облыс болып жатқанда Түймебаев мырза әкім еді. Сол кісі еңбегімді бағалап бір бөлмелі үй берді. Жолдасым, қызым барлығымыз сол үйде тұрып кішкене қысылдық. Солай жүргенде Айекең бізді Түркияға шақырды. Ютубта да көрініп тұрған нәрсе ғой. Ән айтасың, ән айтып болған соң ақша қыстырады. Долларлар қыстырады. Біз олардан сұрамаймыз, өздері еңбекті бағалап беріп жатыр. Қарасақ 3000 доллардай түсіпті. Роза Әлқожа әпкеміз бар, сол кісіге бердік, бөлістік. Сол ақша ақша құрады. Мен жер тамға көшуіме Айнұр әпкенің шақыртуы себеп болды. Қандай адам жақсылық жасаса да оның титымдай жақсылығын үлкен етіп айту — менің адами қасиетім деп ойлаймын», — дейді ол.
Әнші өзін «Арманның алдында ән айтатын әнші» деп сынайтындарға да жауап берді.
«Арманнан үй алып, артынан бармайсың ба деп айтып жатады. Енді мен кішкентай адаммын менің қолымнан ештеңе келмейді. Бірақ сол жақтан алып келген ақша берекелі болды. Менің үй алуыма Айнұр әпке мен оның жолдасы, Арман себепкер болған. Елдің біразы Арманның алдында өлең айтатын, Түркиядан шықпайтын әнші емес па дейді. Айта берсін өздері бара алмайды ғой. Өздерін неге шақырмайды? Ал егер, өзінде мен сияқты өнер болып барып кетсе, ол олай жазбас еді. Біз барсақ та Арекеңмен сөйлеспейтінбіз, тек ән айтатынбыз», — дейді.
JQ-Aqparat

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры