jasqazaq.kz

Құнанбайдың ер-тұрманы Қытай мұражайында

23 тамыз 2016, 17:04

 

 

aeb68dca8a77ab98a31c1067bc069df2_XL

 

 

 

Құнанбай қажының жиеніне жапқан шапаны мен ер-тұрманы Қытайдың Алтай қаласындағы тарихи мұражайда сақтаулы тұр. Бұл туралы бізге белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай айтты. Тарихқа үңілер болсақ, Құнанбай өзінің аяулы қарындасы Айбаланы Зайсан өңіріндегі 5 мың жылқы біткен Өтеу байға ұзатқан. Сол Өтеудің балалары нағашылап Құнанбай ауылына барғанда оларға ат мінгізіліп, шапан жабылады.

 

Ерекше безендірілген, сәнді ер-тұрман сыйға тартылады. Бұл бұйымдарды ұрпақтары ерекше қастерлеп, бертінге дейін сақтап келген. Қазір Өтеу ұрпақтары Қытайдың Тарбағатай, Алтай, Іле аймақтарында тұрып жатыр. Барлығы 60 үйден асыпты. Ахмет Тоқтабай, Тарих ғылымдарының докторы: — 1929 жылы аумалы-төкпелі заманда Өтеу ұрпақтары Қытайға өткен. Сонда әлгі ер-тұрман мен шапанды өздерімен бірге ала кетіпті. Өте қастерлеп ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра қылып қалдырып отырған. Алайда Қытайда 1966 жылғы «мәдени төңкеріс» бұларды да шарпып өтіпті. Қызыл белсенділер ер-тұрманды қолға түсіріп, өртеп жіберген. Өйткені ер-тұрман алтынмен апталып, күміспен көмкерілген әшекейге толы салтанатты бұйым еді. Бай феодалдың заттары жойылсын деген желеумен отқа жаққан. Ердің тек қаңқасы қалғанда, «міне, енді таза кедейдікі, пролетариаттыкі болды» деп ұрпақтарына қайтарып беріпті. Өскенбайдың жиеншарлары, Өтеу байдың ұрпақтары 2012 жылы ер-тұрман мен шапанды Алтай қаласындағы тарихи мұражайға өткізген. Шапан өте жақсы сақталған. Жасыл түсті, бірнеше қабат болып тігілген.

 

Авторы: Болат Көкенайұлы
24kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде