jasqazaq.kz

«Намысты ерлеріміз қайда?» Депутат Ардақ Назаров ойраны шыққан отбасылар туралы айтты

30 сәуiр 2025, 14:54

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкімет басшысына сауал жолдап, отбасы құндылықтарын сақтауға байланысты өз ұсынысын айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Депутат ең алдымен Ұлттық статистика бюросының ресми деректерін келтіреді: 2023 жылы елімізде 120,8 мың неке тіркелсе, соның 40,2 мыңы – ажырасумен аяқталған.

«Оның сыртында бейресми ойраны шыққан отбасылар қаншама?! Осындай айдың, күннің аманында шаңырағы ортасына түскен отбасылар кесірінен бүгінде 400 мың әйел мен 60 мың еркек – жалғыз басты отбасы кебін құшып отыр. Бұл не деген сұмдық?! «Екі жақсы бас қосса, бірін-бірі қия алмас. Екі жаман бас қосса, кең дүниеге сыя алмас. Біз осындай мүшкіл халге қалай жеттік? Бейбіт күнде отбасының отын-суын тасып берген, ел басына күн туса «жаным арымның садағасы» деген намысты ерлеріміз қайда?

Шаңырағының берекесі, отбасының ұйтқысы бола білген, әдебі алтын жіппен әдіптелген текті қыздарымыз қайда?» — дейді депутат.
Ардақ Назаров ажырасуға өтініш білдірген ерлі-зайыптылардың бір жақты шешімі негізінде сотқа арыз қабылданбас бұрын арнайы мемлекеттік баж немесе жарна төлеу тәртібін енгізу қажет деген пікірде. «Бұл төлемнің көлемі едәуір жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар ресми түрде ажырасқан тұлғалар үшін табыс салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру қарастырылсын.

Екіншіден, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі құқықтық мәдениетінде әулеттің үлкендері мен ақсақалдарының сөзін тыңдау, дау-дамайды бітіммен шешу дәстүрі берік орныққан. Осы тәжірибені заманауи форматта қолдану мақсатында, қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған жергілікті қоғамдастық кеңестері, ардагерлер алқасы, имамдар, әйелдер кеңесі сынды консультативтік-кеңесші органдардың әлеуетін пайдалану ұсынылады. Ажырасуға өтініш берген ерлі-зайыптылардың ісі сотқа жетпей тұрып, алдын ала осы кеңестердің қарауына ұсынылып, бітімгершілік және татуласу бағытында жұмыс жүргізілсе, көптеген отбасылардың сақталып қалуына мүмкіндік туар еді», — дейді депутат.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі