Биылғы жаңа оқу жылында лаңкестікке қарсы төтенше жағдайларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған орай, кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен мектеп, колледж директорларына семинар өткізілді, деп жазды kerek-info.kz

тады. Олар инспекторлар мен директорларға терроризмге қарсы қандай алдын алу шаралары жүргізу керектігі жөнінде баяндады.
Бұдан басқа, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Малик Нұрсейітовтың айтуынша, намазға жығылған жасөспірімдер есепке алынып жүр.
— Қандай себеппен, неге дінге кіріп кеткені жөнінде тексеріс жүріп жатыр. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға инспекторлар лекция оқиды. Мектепте, колледждерде және жоғары оқу орындарда дінге кіргендер есепке алынады. Олардың үстінен бақылау ісі ашылады. Олардың үйіне барып, ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осындай алдын алу шаралары атқарылады, — дейді аға инспектор.
Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция басшысы Клара Исламованың айтуынша, намаз оқитын жасөспірімдер есепке алынбайды.
— Біз бұндай жұмыстар жүргізбейміз, бұны антитеррористік орталық бақылауға алады. Біз тек көмек көрсетіп, анықтаймыз және ақпарат береміз. Бізде тек намаз оқитын ата-аналардың тізімі ғана бар. Ал намаз оқитын балаларды тіркеуге алмаймыз, — деді ол.