jasqazaq.kz

Нақты сектор табысқа ие болуда: кәсіпкерлер «Ulttyq ónim»көрмесінде өз жетістігін паш етті

17 мамыр 2025, 18:34

2025 жылы Қазақстан Үкіметі экономиканың нақты секторын жедел дамытуға сеніммен кірісті. Мемлекет IT мен логистикадан бастап, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау мен химияға дейінгі басты салалардағы шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Міндет-шағын бизнесті орта және ірі бизнестің деңгейіне жеткізу.

Кәсіпкерлерге «Даму» қоры айтарлықтай қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, несиеге кепілдік беру көлемі едәуір артты. Енді кепіл жеткіліксіз болса, мемлекет жобаның 85%-ға дейінгі құнын жабады. Соның арқасында, елімізде жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік артады.

Бұл саясаттың нәтижесі де іс жүзінде белгілі болуда. 2010 жылдан бері «Дамудың» қолдауымен химия өнеркәсібі саласындағы 512 жобаға 195 млрд теңге берілген. 30,4 млрд.субсидия төленді. Алматы, Ақтөбе, Павлодар мен Алматы облыстарында ең көп жоба жүзеге асырылды.

Осындай өндірушілеріміз өз жетістігі мен өнімін осы күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан VIII жылсайынғы «Ulttyq ónim» көрмесінде паш етуде. Оған еліміздің барлық өңірінен 350 кәсіпорын келген екен.

Бұлардың қатарында маңғыстаулық «Каспийгрупп» компаниясы бар. Ол ыдыс жууға арналған жуғыш заттан бастап, тұрмыстық химияның кең ассортиментін шығарады: жуғыш ұнтақтар, оттегі ағартқыштары, гельдер мен сұйық заттар. Өндірістік алаңдар Ақтау мен Алматыда жұмыс істесе, өнімдері Қазақстанның алты өңіріне жеткізілуде.

«»Даму» ресурсы арқылы мемлекеттік қолдау бізге жігер мен сенім береді. Жақын арада сусабындар, сабындар және басқа да құралдар шығаратын жаңа желілерді іске қосуды жоспарлап отырмыз», — дейді “Каспийгрупп» сату жөніндегі менеджері Армин Павиз.

Өз өнімін өндіретін келесі қатысушы астаналық «Yarko» компаниясы. Ол ұдайы өсіп, даму арқылы қанатын кеңге жаюда.

«2013 жылы біз 3000 бөтелке ғана жуғыш зат сататын едік. Қазір жылына 470 000-ын сатамыз. «Дамудың» арқасында жаңа нарықтарға шықтық. Өнім түрлері көбейіп, көлемі де артуда. Алдағы мақсат-еліміздегі ірі сауда желілері», — дейді компания өкілі Ерік Жармағамбетов.

«Yarko» өнімдері бүгінде елордалық СО-ларда қойылған. Өңірлік дистрибьюторлар арқылы да кеңінен таратылуда. Компания сонымен қатар «Халал» сертификатына ие. Ұлттық стандарттарға да толықтай сәйкес келеді.

«Ulttyq ónim» көрмесі мемлекеттік қолдау арқылы толымды табысқа қол жеткізудің жарқын үлгісі бола отырып, қазақстандық бизнесті  өрлетудің негізгі алаңы болып қала береді.

Ұлттық экономика министрлігі

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста