
Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева танымал продюсер Бағым Мұхитденовадан өзгенің отбасылық шаруасына араласпауын сұрады. Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасын «қызғаншақ болған» деген бұрынғы құдашасының сөзімен келіспейтінін айтты.
«Мен Баянның сіңлісі Бағымнан менің ағамды «қызғаншақ болған» деп қаралауын тоқтатуын сұраймын. Басқаның отбасылық шаруасына араласпасын. Егер ағам расымен қызғаншақ болса, Баян дәл қазіргідей Баян болмас еді. Осындай деңгейге көтеріліп, танымалдылыққа қолы жетпес еді. Орамалын тартып, үйде отырар еді. Ағам Баянның барам деген жерінің бәріне жіберіп, танымал болуына қолдау корсетіп, ел алдында жарқырап жүруіне тек көмектесумен келдi. Сондықтан ағамды қайта-қайта қаралай беру доғарылсын. Әркім өз жөнімен жүрсін», — дейді Нағима Есентаева.
Еске сала кетейік, Бағым Мұхитденова журналистерге Бақытбек Есентаевтың Баянды кез келген еркектен қызғанғандығы жайында айтқан. Танымал продюсер егер өзінің күйеуі басқа әйелге ғашық боп қалса, оны қанша сүйсе де амалсыз жіберетінін мәлімдеген еді.
«Бағым Мұхитденова сұхбатында: «Егер күйеуім басқа әйелге ғашық болса, жібере салар едім»,- депті. Бағым өзінің күйеуі елімізге танымал әншінің соңынан кеткенде неге жібере салмады? Әдептен озбай, ол әнші қыздың атын атамай-ақ қояйын. Бағым сол әйелмен 3-4 жыл таласып жүріп, күйеуін қайтарып алғанын білемін. Сол үшін 20 келіге арықтады. Сонда басқа әйелге ғашық болып қалды деп, неге өзі солай істемеді? Егер бәрі оңай болса, сол кезде жібере салуы керек еді күйеуін», — деген уәж айтты Бақытбек Есентаевтың қарындасы.
Нағима Есентаева өз сөзіне өзі қарсы келген бұрынғы құдашасын түсінбей отыр.
NUR.KZ сайты хабарлағандай, «Баян «өз бақытым» деп бүкіл шаңырағын ортасына түсіріп, басқа азаматты таңдаған екен. Енді менің ағамды жамандап, артынан сөз қылмасын. Онсыз да ағама оңай емес, өте ауыр тиіп отыр»,- деді Нағима Есентаева.