
17 желтоқсанда Қытайдың Гуанчжоу қаласында этникалық қазақ, бірінші жартылай орта салмақта жастар арасында WBC чемпионы Бейсенбі Нәсиолла кезекті жекпе-жегін өткізеді. 22 жастағы боксшы жаңа зеландиялық Леки Макамен күш сынасады. Бұл кездесу 10 раундтан тұрады. Леки Мака кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген – 9 жекпе-жегінің бәрін жеңген. Ал Бейсенбі өзі өткізген он кездесудің біреуінде жеңіліп қалды.