jasqazaq.kz

Нұртай Сабильянов: Жол жөндеуге бөлінген қаражат уақытында игерілмеуде

20 қазан 2016, 16:16

2a343b03ea53640399771ed88004a416_resize_w_520_h_

Елiмiзде республикалық маңызды жолдарды жөндеу және салу жылдар бойы жүргiзiледi. Бұл мақсатқа «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлiнген қаражат уақытында және тиiмдi игерiлмей отыр. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiстегi «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтiлген отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi комиссияның жетекшiсi Нұртай Сабильянов мәлiмдедi.

 «Қаржыландыру кеш жүргiзiлгендiктен негiзгi жұмыс көлемi күзде орындалып жатыр. Бұл жұмыстардың асығыс, сапасыз орындалуына, жолдардың мерзiмнен бұрын тозуына әкеп соғады. Мысалы, Алматы-Астана-Павлодар жолын жөндеу үш жылдан берi аяқталмай отыр. Сонымен қатар, Қалбатау-Шар арасындағы жолдың құрылысы басталғанына да алты жыл болды, ол да әлi аяқталан жоқ», — дедi Н.Сабильянов.

Бұдан бөлек, бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына бөлiнген қаражаттың да жартысына жуығы игерiлмеген.

«Жалға берiлетiн кредиттiк тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымы және су, жылумен жабдықтау жөнiндегi жаңғырту бойынша 2016 жылы жалға берiлетiн және кредиттiк тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан 202 млрд теңге бағытталған. Оның iшiнде 180 млрд теңгесi «Бәйтерек девелопмент» АҚ, 22 млрд теңгесi Қазақстан ипотекалық компаниясына, 67 млрд теңге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына бағытталған. Биылғы жылғы бiрiншi қыркүйектегi жағдай бойынша 110 млрд теңге ғана игерiлген. Бұл берiлген қаражаттың 54 пайызы ғана. Осы үш компанияға бөлiнетiн қаражаттың игерiлуiн бақылау қазiргi кезде қиындық тудыруда. Осыны бiр жүйеге келтiру керек деп ойлаймын», — дедi комиссия жетекшісі. 

baq.kz

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата