jasqazaq.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Баландин мен Рахимовті құттықтады

11 тамыз 2016, 12:00

 

2016081110440999596_12

 

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасында алтын медаль иеленген жүзгіш Дмитрий Баландин мен ауыр атлет Нижат Рахимовты жеңісімен құттықтады.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған Баландинге арналған құттықтауда «Өзіңнің айқын жеңісіңмен қазақстандықтарға үлкен қуаныш сыйладың. Әйгілі қарсыластарыңмен ымырасыз және қиын күресте жеңіп алған алтын медалің — шығармашылық шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік-жігеріңнің көрсеткіші» делінген.

Рахимовқа арналған құттықтауда қазақстандықтардың атлеттің жеңісін үлкен қызығушылықпен күткені айтылады. «Сен олардың үмітін ақтадың. Жоғары спорттық шеберлік, жан-тәнімен берілу мен үлкен жігер саған мықты бәсекелестермен шиеленісті күресте алға шығуыңа көмектесті» делінген құттықтауда.

Президент қос спортшыға да жаңа жетістіктерге жетуін тілеген.

Нижат Рахимов Риода 77 килограмм салмақта 397 килограмды көтеріп, олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 165 килограмды, ал серпе көтеруде 214 килограмды (әлем рекорды) еңсерді.

Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде олимпиада чемпионы атанды. Ол бұл қашықтықты 2:07,46 секундта жүзіп өтті. Бұл — Қазақстанның жүзуден олимпиададағы алғашқы медалі.

Қазір Қазақстанда Рио олимпиадасының екі алтын, екі күміс, үш қола медалі бар. Осыған дейін ауыр атлет Жазира Жаппарқұл мен дзюдошы Елдос Сметов бір күміс алған. Ал Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де – ауыр атлетика) қола иеленген. Қазір Қазақстан жалпы есепте 11-орында тұр.

 

Азаттық радиосы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде