jasqazaq.kz

Н. Ноғаев: Қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек!

12 желтоқсан 2016, 15:05

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық оқулары кезінде айтты, деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «арамызда дәстүрін, мәдениетін ұмытып бара жатқан азаматтар бар. Біз ұл-қыздарымызды ұлтсызданудан қорғауымыз керек. Ал, бұл процеске төтеп беретін бірден-бір нәрсе — рухтың биіктігі. Жастар рухқа азық болатын халқының мұраларынан үнемі нәр алып отыруы қажет», — деді Нұрлан Ноғаев. Айта кетелік, Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалалық көркем сөз оқу шеберлері сайысы облыста биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Байқау қорытындысы бойынша, атыраулық үміткер Нәзира Әшім бірінші орынды еншілесе, Ақмола облысынан келген Перизат Мұратқызы мен маңғыстаулық Айдос Жұмабаев жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ал, атыраулық Нұрдәулет Табылдиев, Шығыс Қазақстаннан келген Арайлы Алтаева, Оңтүстік Қазақстаннан қатысқан Назерке Құлжабаева үшінші орынды өзара бөлісті. Талапкерлерге ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов, филология ғылымдарының докторы, ақын Қадір Жүсіп және Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов қазылық етті. Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі