jasqazaq.kz

Н.Назарбаев: ТМД өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді

16 қыркүйек 2016, 22:19

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше елдер басшыларының кеңесіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон қатысты.

Қазақстан Президенті отырыс Достастықтың құрылуының мерейтойы жылында өтіп отырғанын айтты.

–1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы арқылы негізі қаланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бүгінде елдерімізді жақындастыра түсетін бірегей алаң болып қала береді. Біздің Достастық жұмысын жалғастырып және болашаққа деген жоспарларды іске асыра отырып, өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, Достастықтың тәжірибесі ЕАЭО және ШЫҰ тәрізді интеграциялық ұйымдарға да септігін тигізді. Осылайша, Алматыда 1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы зор тарихи мәнге ие болды. Менің бастамам бойынша бүгін біз ТМД-ның 25 жылдығы жөнінде мәлімдеме қабылдап отырмыз. Ол бағдарды айқындап, алдымызға жаңа міндеттер қояды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы жақында өткен G-20 саммитінде әлемдік экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатты үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

– Саммитте дамудың ескірген моделін алмастыру және жаһандық индустриялық революциядан соң келген жаңа сандық экономикаға көшу мәселелері талқыланды. Бұл – энергияның жаңа түріне, валютаның жаңа санатына және қоғамдық қарым-қатынастың жаңа формаларына негізделген қоғамдық өндірістің жаңа тәсілін табу мен игере бастаудың нышаны. Жаңа проблемалар алдында ТМД аясында бізге де тығыз өзара іс-қимыл жасап, бірлескен жобаларды жандандыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

bnews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде