jasqazaq.kz

Н.Назарбаев: Елімізде әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі министрлік құрылуы мүмкін

14 қыркүйек 2016, 10:43

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен Жасұзақовтың Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы айтып, қазіргі сын-қатерлердің алдын алу және оны жою ісіндегі әскердің айрықша рөлін атап өтті.

— Келесі жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толады, бұл еліміздің тарихындағы маңызды белес болып саналады. Әскер — егемендіктің басты кепілі. Өңірде және әлемде қалыптасқан қазіргідей күрделі кезеңде Қарулы Күштердің рөлі артып келеді. Халықаралық терроризмнің қауіп-қатерлері, гибридті соғыстар, белең алып келе жатқан қарулану бәсекесі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр, — деді Қазақстан Президенті.

Елбасы айрықша назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты атап өтті.

— Әскери тәртіпті жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру және Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлығын жоғары деңгейде ұстау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен және техникамен жарақтандыра отырып, әскери дайындық мәселелерін одан да сапалы деңгейге жеткізу керек. Ол үшін барлық қажетті қаражат бөлінетін болады. Біз өзіміздің дамыған әскери-техникалық өнеркәсібімізді қалыптастыруға тиіспіз. Осыған байланысты, тиісті құрылымды арнайы корпорацияға немесе әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі министрлікке айналдыру мәселесі қарастырылатын болады, — деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір маңызды мәселе әскери қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыру екенін айтты.

— Сол үшін тиісті оқу орындары, университеттер ашылды. Енді әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырумен айналысу керек, — деді Қазақстан Президенті.

Жаңа Қорғаныс министрі С.Жасұзақовты таныстырған Мемлекет басшысы  оның мол тәжірибесі мен кәсіби машығы бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев И.Тасмағамбетовке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, елдің Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Соңында Қазақстан Президенті қатысушыларға елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қазақстан армиясының жауынгерлік даярлығын арттыру ісінде табыс тіледі.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде