jasqazaq.kz

МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА!

11 сәуiр 2025, 10:45

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қорғаныс министрінің қолдауымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасын өткізетінін хабарлаймыз.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
– мүшәйраға 50 жасқа дейінгі ақындар қатысады.
1-номинация:
– Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар, қаһармандық, патриотизм және Жеңіс тақырыбындағы 1 өлең.
2-номинация:
– Қазіргі Отан қорғаушылары, оның ішінде Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері өкілдеріне (танкист, ұшқыш, теңізші, артиллерист, барлаушы, байланысшы, десант т.б туралы) арналған әскери-патриоттық тақырыптағы ән мәтініне сәйкес келетін 1 өлең ұсынылады. Бұл номинация бойынша байқауға келіп түскен лайықты туындыларға авторымен келісіп, ән жазылып, кейіннен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери шығармашылық ұжымдарының репертуарына алынатын болады;
– бір автор екі номинацияға да қатыса алады;
– бұдан бұрын байқауға қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;
– шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Көлемі
2 беттен аспауы керек. Автор туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесін қоса тапсыруы қажет;
– Мүшәйраға қатысатын шығармалар 2025 жылғы 30 мамырға дейін asker_mushaira@mail.kz эл.поштасына қабылданады;
– мүшәйраның қорытынды іс-шарасына жүлдегерлер ғана шақыртылады. Жол шығындары – мүшәйраға қатысушылардың өз тарапынан. Өтетін күні: 2025 жылғы 10 маусым.
– қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Жүлде қоры 3 000 000 теңге. Лайықты деген 10 ақынға 300 000 теңгеден жүлде табысталады.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі