jasqazaq.kz

Марат Сұлтанғазиев: Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі!

09 мамыр 2024, 16:22

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Жеңіс күні атап өтілді.
Іс-шара Даңқ мемориалы жанында гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының Тыл ардагері, көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Бұлын Рамазанова мен Ұзынағаш ауылындағы ҰОС ардагері Федор Ковалевты құттықтады.


Ардагерлермен кездесуде өңір басшысы олардың ерлігін ұлықтап, облыс тұрғындарының атынан алғыс айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, сыйлығын табыстады.
«Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге нәбәрі 7 майдангер қарсы алып жатыр. Олар: Тәңірберген Толғанбаев (Іле ауданы), Федор Ковалев (Жамбыл ауд.), Солтанбай Жарықбасов(Еңбекшіқазақ ауд.), Оксана Бетебаева (Қонаев қ.), Павел Половой (Қарасай ауд.), Алим Кебиров (Ұйғыр ауд.), Вячеслав Легостаев (Талғар ауд.) сынды аталарымызбен апаларымыз. Қазіргі күні 2,5 мыңнан астам тыл еңбеккері өскелең ұрпаққа өнеге болып жүр. Байғабылов Тастемір (Қонаев қаласы), Мария Мұқанова (Қарасай ауданы), Сауранбаев Нариман (Райымбек ауданы), Галина Ляшева (Талғар ауданы), Шортанова Күлпар (Кеген ауданы) сияқты тыл ардагерлері әлі де қоғамдық өмірге араласып, жастарға жол көрсетуде. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмауда.
Біздің бүгінгі басты міндетіміз – осындай аға буынның сұрапыл соғыс жылдарындағы ерліктерін барынша дәріптеу. Себебі, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі»!»,- деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.
Жеңіс күні облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері де ардагерлерді мерекемен құттықтап барды. Олар майдангерлерге зор денсаулық пен бақыт тіледі.
Сұрапыл соғысқа Алматы облысынан 40 мыңдай адам әскерге аттанған. Батырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен 20 майдангерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, облыстың 6 тумасы «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.
JQ-Aqparat
Суреттер: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін