jasqazaq.kz

Мұрат Әйтеновтің кезекті біріңғай қабылдауы өтті

07 мамыр 2023, 11:39

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып келеді.

Осы тұжырымдама аясында Мемлекет басшысы түрлі деңгейдегі қала, облыс, ауыл әкімдеріне «Жаңа жылдан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Соның 730-ын кестеден тыс, яғни табан астында, жедел түрде қабылдауға тура келді. Олардың арасында барлық аймақтың тұрғындары бар. Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда екі есе өсті» деген Мемлекет басшысы бұл орайда жергілікті әкімдерге жұмысты оңтайландыруды, халықпен тығыз қарым-қатынасты жандандыруды тапсырған болатын.

Жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті бірыңғай қабылдауы қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Айта кету керек, қала әкімінің бірыңғай қабылдауы дәстүрлі түрде өтетін басты іс-шаралардың біріне айналған. Мұндай кездесулерге жергілікті тұрғындар көптеп жиналып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерін шаһар әкіміне жеткізіп отырады. Бұл жолы да қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, талап-тілектерін жеткізді. Жиналған көпшіліктің мәселелерін саралай келгенде, көп сұрақ тұрғын үй кезегі, жер және жол, жұмыспен қамту мәселесіне қатысты болып шықты. Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис тұрғындарының мәселесіне орай тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, оның оңтайлы орындалуына 1 ай көлемінде уақыт берді. Ең бастысы бірыңғай қабылдауда әрбір тұрғынның қойған жеке сауалына жауапты сала бойынша басқармалардың мамандары бетпе-бет жүздесіп, келісілген мерзімде көтерілген мәселелердің жедел шешімін табуын назарға алды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей қала басшысының бірыңғай қабылдауына бұған дейін де қатысып, өз мәселесін айтқан тұрғындар аз емес. Олар көтерген мәселелердің нәтижесі қандай? Бұған дейінгі кездесулерде тұрғындардың бірқатарын қала аумағындағы су арналар көзінің бітелуі, арық-атыздардың қараусыз қалғаны айтылған болатын. Бұл мәселеге қала әкімінің тапсырмасымен баса назар аударған сала мамандары қазір Шымкент қаласының аумағында орналасқан 3 су арнасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатанын мәлімдейді. Атап айтқанда Шапырашты су арнасының күрделі жөндеу жұмыстарының 80 пайызы, «Чумчактың» 98, «Сай ниже водопаданың» 95 пайызы аяқталған. Аталған су арналарының құрылыс жұмыстарына жалпы саны 37 техника, 58 жұмысшы жұмылдырылған. Бұл орайда басқарма қызметкерлері жергілікті шаруалармен кездесіп, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан арнаның жағдайын түсіндірді.

Қабылдау барысында қала басшысы Мұрат Әйтенов жауапты мамандарға халықтың талап-тілектерін дер кезінде орындап, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ұдайы ескертіп келеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата